Четверг, 02 Апреля 2020
Объявления: #

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да
Нет
Не понял о чем идет речь


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 72

 Новости

ХАТТАМА

Категория: Новости
Дата: 10.03.2020
Просмотры: 34 Печать страницы
ХАТТАМА
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде Ведомствоаралық жұмыс тобының ұсыныстарын орындау бойынша
ХАТТАМА
 
 
Талдықорған қ. 06.03.2020ж.
Қабанбай батыр к-сі, 26 сағат 11.00
 
 
Төрағалық етуші: басқарма басшысының орынбасары Ғ. Дәрібаев
Қатысқандар: (Тізім бойынша)
 
 
1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру туралы
1.1. Мемлекеттік корпорация және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген қызметтердің үлесін арттыру жұмыстарын жүргізу басшылыққа алынсын.
1.2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2020 жылға арналған есеп нысаны, ай сайынғы берілетін есептердің электронды және сканерленген нұсқасы уақытылы тапсырылсын;
1.3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етудің 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы басшылыққа алынсын;
1.4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жария талқылаулар өткізу жұмыстары басшылыққа алынсын;
1.7. Басқармамен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызмет стандарттарында көрсетілген мерзімдер сақталынсын;
1.8. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпараттың қолжетімділігі қамтамасыз етілсін;
1.9. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттар бұқаралық ақпарат құралдары, және басқарманың ресми сайты арқылы жарияланып отырсын;
1.10. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын түсіндіру бойынша семинар, ашық есік ұйымдастырылсын;
1.11. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мамандардың біліктілігі уақытында арттырылсын.
 
 
2. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде әдептілік нормалары сақтау туралы
2.1. Ұжымда және жұртшылықпен өзін ұстау іс-әрекеті мен мінез-құлқына және қарапайымдық стиль үлгісінде киіну бейнесіне ерекше көңіл бөлінсін.
2.2. Мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне, ұстамдылығына және моральдық әдептілік бейнесіне қойылған талаптар сақталынсын.
 
 
Басқарма басшысының орынбасары Ғ. Дәрібаев
 
Хатшы А. Дуанкулова
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.